
Сүйіндіков Ербол Әбутәліпұлы
Жаңақорған ауданы мәслихат аппараты мәслихатының бас маманы
Өмірбаян
1979 жылы 2 қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақата ауылында туған.
Түркістан қаласындағы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің құқықтану факультетін бітірген (2000 ж), мамандығы –заңгер.
Отбасылы 4 ұлы бар.
2000 жылдың кыркүйек айынан - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылындағы «Екпінді» шаруа қожалығының заңгері, 2002 жылдан Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының маманы (заңгер), 2005 жылдан мәслихат аппаратының жетекші маманы (заңгер), 2007 жылдан мәслихат аппаратының бас маманы (заңгер), 2015 жылдың 17 шілдесінен «Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы және 2016 жылдың 4 сәуірінен «Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтық жұмыстар бөлімшесінің басшысы, 2024 жылдың бірінші қаңтарынан Жаңақорған ауданы мәслихат аппараты мәслихатының бас маманы қызметін атқарып келеді. Әскери атағы-қатардағы жауынгер.





