
Өмірбаян
Жакашев Ерболат Куанышевич 1989 жылы 14 қазанда БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылдық округі, Айтпай елді мекенінде дүниеге келген. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ветеринариялық медицина» мамандағы бойынша тәмамдаған.
2012 жылдың 31 шілдесінен 16 тамызына дейін Жаңақала аудандық ветеринариялық станциясында ветеринариялық фельдшер;
2012 – 2013 жылдары Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман ветеринариялық дәрігер,
2013 – 2021 жылдары Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман;
2021 жылдың 26 шілдесінен бастап қазіргі күнге дейін Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келеді.





