
Өмірбаян
Ахметов Абзал Ғайноллаұлы 1971жылы 8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қырқопа ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1998жылы Орал педагогикалық институтының «биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Мен Ахметов Абзал Ғайноллаұлы 1971 жылы Жаңақала ауданы, Қырқопа ауылында дүниеге келдім. Әкем Ахметов Ғайнолла 1942 жылы туған шешем Темірғалиева Айғаным 1947 жылы туған. Қазіргі таңда зейнеткерлікте. 1988 жылы Карманов орта мектебін бітірдім. 1988-1989 жылдары С.Меңдешев атындағы қой совхозында электромонтер болып жұмыс жасадым. 1989 жылы БҚО,Орал қаласы, Орал құрлыс техникумынын құрлыс обьектлерін салу және оны пайдалану мамандығына түсіп 1992 жылы бітіріп шықтым. 03.1992-09.1992 жылы С.Меңдешев атындағы совхозда инженер-медиатор қызметін атқардым. 09.1992 жылы Кармановка орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып тағайындалып, 09.1994 жылға дейін жұмыс жасадым. 1994 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің сырттай бөлімінің биология мамандығына түсіп 1998 жылы бітіріп шықтым. 09.1994-10.1996 жылы С.Меңдешев ұжымдық кәсіпорнында құрлыс маманы болып жұмыс жасадым. 10.1996 жылы БҚО,Жаңақала ауданы,С.Меңдешев ауылдық округі әкімі аппаратынын бас маманы болып лауазымдық қызметті атқардым. 10.2010-2017жылы Жаңақала ауданы әкімінің өкімімен С.Меңдешев ауылдық округінің әкімі болып тағайындалып. 2017-2021 жылы Жаңақала ауылдық округі әкімі қызмет жасап .2021 жылдан бастап С.Меңдешев ауылдық округі әкімі қызметін атқарамын.
Отбасымда жолдасым, бала келінім 2-немерем бар.
1996-2010 жж. - С.Мендешев ауылдық округінде бас маман;
2010-2017 жж. - С.Мендешев ауылдық округі әкімі;
2017-2021жж. Жаңақала ауылдық округі әкімі;
2021 жылдан бастап С.Мендешев ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.





