
Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы
Кеген ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1963 жылы 9 қазанда Алматы облысы Кеген ауданы Жылысай ауылында туған.
1985 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ педагогика институтын бітірген. Мамандығы - математика мұғалімі.
Еңбек жолын 1985 жылы Кеген ауданы Жылысай ауылында Горкий атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1990 - 1991 жылдары Кеген аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі.
1991 - 1992 жылдары Кеген ауданы Кеген ауылы №3 Кеген орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
1992 - 1994 жылдары Кеген аудандық жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.
1994 - 1997 жылдары Райымбек ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс штабының бастығы.
1997 - 2002 жылдары Райымбек ауданы Кеген селолық округі әкімінің орынбасары, Райымбек ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Райымбек ауданы әкімі аппаратының «Білім, мәдениет, денсаулық, және әлеуметтік сала бөлімінің» бас маманы, Райымбек ауданы Кеген селолық округінің әкімі.
2002 - 2008 жылдары Райымбек ауданы Жылысай ауылдық округінің әкімі.
2008 - 2016 жылдары Райымбек ауданы Қарқара ауылдық округінің әкімі.
2016 - 2018 жылдары Қарасай ауданы «Қарасай құрылыс» ЖШС-нің атқарушы директорының орынбасары.
2018 жылы Кеген ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
2018 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Кеген ауданы әкімінің орынбасары.
Отбасылы, 4 баласы бар.



