
Өмірбаян
Әлпеисов Данияр Бейсенбекұлы 1981 жылы 21 қарашада Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылында дүниеге келген.1998-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Инженер-технолог» ,2006-2008 жылдары Шымкент қаласы, Шымкент университетінде «Заңтану»мамандығын оқыған.2014-2016 жылдары Шымкент қаласы, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Луговой ауылы М.Горький орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастаған;
2009-2015 ж.ж. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар орталығы”КММ-да ұйымдастырушы маман;
2015-2017 ж.ж. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде спорт әдіскер;
2017-2020 ж.ж. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Е.Ыбрайымов атындағы №1 БЖСМ КММ-де спорт әдіскер;
2021-2022 ж.ж. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығында меңгеруші;
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» КММ-ның директоры.





