
Өмірбаян
Әлімқұлов Қалижан Сабырқұлұлы 01.01.1972 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Д.Қонаев ауылында дүниеге келген. 1995-2000 жылдар аралығында Алматы Технология және бизнес Университетінің «Эканомика және менеджмент» факультетінде білім алған. 2004-2006 жылдар аралығында Әулие-Ата университетінде заңгер мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 1992-1999 ж.ж. Болтай батыр колхозында қойманың меңгерушісі болып бастаған;
2001- 2016 ж.ж. дейін Ішкі істер органында қызмет атқарды;
Бүгінгі таңда «Нұрғиса» шаруа қожалығының басшысы.





