
Амалбеков Жасұлан Бекенұлы
Жаңақорған ауданы мәслихатының VIІI шақырылым депутаты және мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы
Өмірбаян
Амалбеков Жасұлан Бекенович 1973 жылы қыркүйек айының 1-не Жаңақорған кентінде дүниеге келген.
Білімі арнаулы орта: 1993 жылы Қызылорда политехникумын бітірген, мамандығы - "ауыл шаруашылығын электрлендіру мен автоматтандыру";
Жоғары: 2006 жылы Қазақстан инженерлік-экономикалық университетін бітірген, мамандығы - "кәсіпорындағы экономика және басқару";
2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы - "электр энергетикасы бакалавры".
Еңбек жолы
Ж.Амалбеков еңбек жолын 1993-1997 жылдары Жаңақорған аудандық электр тораптарының бақылаушысы болып бастаған.
1998-2000 жылдары - "Жаңақорған Жарығы" ЖШС-ның есепші кассирі;
2000-2006 жылдары - "Жаңақорған Жарығы" ЖШС-ның бас инженері;
2006-2008 жылдары - "Жаңақорған Жарығы" ЖШС-ның директоры;
2008 жылдан бастап "Шиелі Жарығы" ЖШС-і Жаңақорған филиалының директоры;
2025 жылдың қаңтар айынан бастап "ҚЭТТК" АҚ Жаңақорған АЭТ-да электр энергиясын өткізу жөніндегі бөлім басшысы.
