
Ақсақов Асхат Мыңжасарұлы
Ақтоғай аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Өмірбаян
Павлодар облысының Краснокутск ауданының Октябрьское ауылында 1974 жылы 7 қыркүйекте дүниеге келді. Білімі жоғары, магистр. 1997 жылы «Семей» мемлекеттік университетін зоотехник мамандығын тәмамдады. 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын тәмамдады.
Еңбек жолын 1991 жылы «25 лет Октября» атындағы тәжірибелік шаруашылығында құрылыс учаскесінің жұмыскері болып бастады. 1997-1998 жылы Павлодар облысының Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылында «Ақтоғай» тәжірибелік шаруашылығында №3 бөлімшесінде зоотехник болды. 1998-1999 жылдары Павлодар облысының Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылының «Ақтоғай» тәжірибелік шаруашылығында ревизор-контролер болып істеді. 1999-2003 жылдары Павлодар облысының Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылының «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің меңгерушісі, кейін құжаттаманы қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2003-2004 жылдары Павлодар облысының Ақсу қаласының «Ақсу қаласының ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болды. 2004-2011 жылдары Павлодар облысының Шарбақты ауданының Шарбақты ауылындағы «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің Шарбақты аудандық аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бас маман-асыл тұқым малшаруашылығы мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. 2011-2012 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданының «Назаровка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман малдәрігері болды. 2012 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде бас маман-асыл тұқым малшаруашылығы мемлекеттік инспекторы болып істеді. 2012-2014 жылдары Павлодар облысының Ақтоғай ауданының Ақтоғай аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі меңгерушісі болды. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысының Ақтоғай аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып жұмыс істейді.
