
Ташенев Жанат Шугаевич
Павлодар облысының Ақтоғай ауданының мәслихат төрағасы
Өмірбаян
1965 жылы 27 сәуірде Павлодар облысының Краснокутск кентінде туған . Білімі – жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін ғалым-агроном мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Краснокутск кеңшарының №1 бөлімшесінде агроном болып бастады. Бұдан соң 1987–1993 ж.ж. Жданов кеңшарында агроном, Павлодар облысы Краснокутск аудандық жер жайғастыру комитетінің бас маманы, Ақтоғай ауданы әкімшілік басшысы аппаратының экономика жөніндегі маманы, Ақтоғай ауданы ауыл шаруашылығы департаментінің бас агрономы, «Ақбидай» ӨК-нің бас агрономы, 1999 жылдан бастап, ҚР АШМ Ақтоғай аудандық аумақтық басқармасында фитосанитария бойынша бас маман, басқарма бастығының орынбасары, «ҚР АШМ АӨК-дегі КМБ Ақтоғай аудандық аумақтық басқармасы» ММ бастығы болып қызмет атқарды. 2010 жылғы мамыр айынан бастап 2016 жылғы наурыз айына дейін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін VI және VII шақырылымның Ақтоғай аудандық мәслихат төрағасы.
