
Абенова Гульсум Есенгалиевна
Науырзым аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1965 жылғы 12 қаңтарда Қостанай облысы Науырзым ауданы, Докучевка аулында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: 1987 жылы Қостанай педагогикалық институтын физика және математика мамандығы; 2013 жылы Челябі мәдениет және өнер академиясын кітапхана ісі мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1987 жылдан Қамысты ауданы Бестөбе СПТУ–26 математика мұғалімі ретінде бастады. 1992 жылдан Науырзым СПТУ–28 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан 2006 жылға дейін Науырзым ауданының білім бөлімінде әдіскер, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2006 жылдан «Науырзым ауданы мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарды. 2011 жылдың тамыз айынан «Науырзым ауданы білім беру бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарды.
2012 жылғы ақпаннан «Науырзым ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Науырзым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы.
Қазақстан Республикасының білім Үздігі, Қазақстан Республикасының 3- мейрейтолық медальдары бар.