Қайназаров Ғалымжан Алекбарұлы

    Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы

    Қайназаров Ғалымжан Алекбарұлы
    Руководитель отдела

    Қайназаров Ғалымжан Алекбарұлы

    Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Қайназаров Ғалымжан Алекбарұлы 1987 жылы 20 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген.

    2011 жылы Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын "Жол қозғалысы мен тасымалдауды пайдалану және ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

    2018 жылы "Болашақ" университетін "Құрылыс"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2011жылы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің штаттан тыс бас инспекторы болып бастаған.

    2013 - 2015 жж. - Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет, құрылыс және лицензиялау департаменті әкімшілік-құқықтық мәселелер бөлімінің штаттан тыс бас инспекторы;

    2015 - 2017 жж. - Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс қызметі және лицензиялау департаментінің штаттан тыс іс жүргізушісі, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының штаттан тыс инспекторы болып жұмыс істеген. Қызылорда облысы, сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау бөлімінің штаттан тыс инспекторы;

    2017 - 2018 жж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және өңірлік даму бөлімінің маманы;

    2018 - 2020 жж. - Қызылорда облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бастығы;

    2020 - 2021 жж. - Қызылорда облысы әкімі әкімшілігінің Сырдария ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы;

    2021 - 2022 жж. - Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің лицензиялау және сертификаттау мониторингі және бақылау департаментінің сарапшысы - Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік даму және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің құрылыс жөніндегі мемлекеттік инспекторы-мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау департаментінің бас сарапшысы-мемлекеттік сәулет-құрылыс құрылыс инспекторы;

    2022 жылдың маусым айы - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекциялық бөлімінің бас инспекторы;

    2022 жылғы шілде - қараша - "Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ басшысы;

    2022 жылдың 28 қарашасынан бастап Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен қала әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері