Смаилханова Гульмира Каратаевна

    Шарбақты аудандық мәслихатының төрағасы

    Смаилханова Гульмира Каратаевна
    Мәслихатының төрағасы

    Смаилханова Гульмира Каратаевна

    Шарбақты аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    1974 жылы 06 желтоқсанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Северное ауылында дүниеге келгенмін. Қазақ, білімім жоғары, 1994 жылы Павлодар агроөнеркәсіптік техникумын «бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша; 2005 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірдім.

    Еңбек жолын 1995 жылы аудандық білім бөлімінде бухгалтер болып бастадым. 1998 жылдың 2009 жылға дейін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында бас маман, бөлім басшысының орынбасары болып жұмыс істедім. 2009 жылдан 2016 жылға дейін «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істедім. 2016 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында «Нұр Отан» партиясының Шарбақты аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқардым.

    2016 жылдан 2019 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналыстым. 2020 жылдан 2021 жылға дейін Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс бөлімінің басшысы болдым.

    2021 жылдың сәуірінен 2023жылдың наурыз айына дейін «Шарбақты ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры болды.

    30 наурызда Шарбақты аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    Тұрмыстамын, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері