
Руководитель аппарата
Махашева Динара Нұрланқызы
Аудандық мәслихат аппараты басшысының м.а.
Өмірбаян
Махашева Динара Нұрланқызы 1988 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2010 жылы Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірді.
Еңбек жолын 2011-2015 жылдары Бөрлі ауданы және Орал қаласы Әділет басқармасының жетекші маманы, бас маманы болып бастады. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Тасқала ауданының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы болып жұмыс істеді.
Содан кейін Тасқала ауданы Әділет басқармасының басшысы лауазымына ауысты.
2020-2021 жылдары Тасқала ауданы әкімінің аппаратында бас заңгер болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта аудандық мәслихаттың бас маманы.

