Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы

    Тасқала аудандық мәслихатының төрағасы

    Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы
    Председатель маслихата

    Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы

    Тасқала аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Бисенгалиева Жанар Нұрболатқызы - 06.12.1974 ж.т. Орда ауданы, (қазіргі Бокейорда) Искра совхозында туылған.

    Жоғары білімді. 1992 жылы облыстық М.Өтемісов атыңдағы санаториялық мектеп-интернатын, 1997 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын бітірді.

    2024 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын Жәнібек ауданының «Ұзынкөл» ауылдық мәдениет үйінің әдіскері, аудандық МКҚК-ның директоры, Тасқала аудандық мәдениет үйінің әдіскері, Ақтау ауылдық округінің сүйелмедеушісі, «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-нің «Халық» театрының режиссері қызметтерін атқарды.

    2010 жылдан Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры. Осы жылдар ішінде атқарған қызметтерін аудан тұрғындары жақсы біледі.

    Жанар Нұрболатқызының ықпалымен «Халықтық» атағына ие ұжымдардың саны артып бүгінде 12 халықтық ұжым қатарымен толықты.

    Облыс көлемінде өнер ұжымдарының көшін бастап алдыңғы қатардан табылуда. Ж.Нұрболатқызы сахналаған қойылымдардың репертуары жаңарып, облыс орталығы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры көрермендеріне қойылуда. Өзі жетекшілік еткен мекеменің базасында бірнеше аймақтық байқаулар оздырылып, көптеген көрші облыстардан келген өнерпаздар Тасқала сахнасында өнер корсетуіне жол ашып, Республикаға танымал өнер тарландары қазылық жасап үнемі қарым-қатынаста Жанар Нұрболатқызының бастамасын қолдап отырды.

    Ауданның мәдениетінің материалдық–техниқалық базасының нығаюынада көніл бөлген басшы түгелге дерлік ұжымдардың сахналық киімін жаңартып, аспаптармен толықтырды.

    Сонымен қатар, аудан тұрғындары Жанар Нұрболатқызын V-VI шақырылым депутаттығына сайлады. Жанар Нұрболатқызы, өзіне жүктелген депутаттық қызметіндеде сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көп жұмыстар атқарды. «Nur Оtan» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы міндеттерінде жауапкершілікпен атқарды.

    «Nur Otan» партиясы филиалы Саяси кеңес Бюро Қаулысының 2021 жылғы 13 қаңтардағы Қаулысымен VII шақырылым депутаттары атынан Бисенгалиева Жанар Нұрболатқызы Тасқала аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды.

    Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасы мемлекеттік марапаты,

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл медалі,

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі,

    ҚР- ның мәслихатына 20 жыл мерекелік медалі,

    ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты,

    ҚР Мәдениет министрі А. Мухамедиұлының алғыс хаты,

    «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты,

    «Мәдениет майталманы» медалі,

    Батыс Қазақстан Облысының Құрмет грамотасы,

    Қазақстан Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы,

    «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі

    Әртүрлі деңгейдегі Алғыс хаттар; Облыс әкімнің, аудан әкімінің алғыс хаттары, Облыстық басқарма басшыларының алғыс хаттарымен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері