
Қожахмет Мейрам Қосманұлы
Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
ҚожахметМейрам Қосманұлы
1963 жылы 1 мамырда Ақмола облысы Астрахан ауданының Алғабас ауылында туды,қазақ.
Жоғары, 1984 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; 2007 жылы Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін, құқық тану бакалавры мамандығы бойынша, 2013 жылы Көкшетау қаласындағы Гуманитарлық техникалық академяны экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірді.
1984 жылы Ұзынкөл орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады.
1990 жылдан бастап Астрахан ауданының Ұзынкөл ауылдық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
1997 жылдан Астрахан ауданыны Ұзынкөл ауылының Ұзынкөл орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі.
1998 жылдан Ақмола облысы Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылында Астрахан аудандық ББ қазақша және еркін күрестен БЖСМ жаттықтырушысы.
2000 жылдан Ақмола облысы Астрахан ауылында БЖСМ жаттықтырушысы, директоры.
2004 жылдан – Астрахан ауданыны білім бөлімінің бастығы.
2006 жылдан – Астрахан ауданы әкімінің орынбасары.
2016 жылғы 29 наурыздан Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы.
2023 жылғы 30 наурыздан - Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасы: үйленген, екі баласы бар.
Бекітілген ауылдар:
Старый Колутон, Қоскөл, Ковыленка, Колутон, Бірлік, Новый Колутон, Қаракөл.
