
Идыбо Айша Люшировна
Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты
Өмірбаян
Идыбо Айша Люшировна 1971 жылы 23 мамырда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында дүниеге келген.
1978 жылы М.Ю.Лермонтова атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып -1988 жылы бітірді.
Еңбек жолын 1988 жылы №18 орта мектепте дүнген тілі және тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих» мамандығына түсіп 1995 жылы бітірді. 2017 жылы И. Арабаев атындағы қырғыз мемлекеттик университетін «тәрбиеші» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Тұрмыста. 3 бала тәрбиелеп, 3 баланы қамқорлыққа алды.
1995 жылы толық емес орта мектепке дүнген тілі мен тарихының мұғалімі болып ауыстырылды. 2002 жылы №48 ОМ тарих пәнінің мұғалімі болып ауыстырылды. Сол жылы №48 мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
2013 жылдың 3 қыркүйегінде «Достық»балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2014 жылдың 8 қыркүйегінде «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының меңгерушісіне ауыстырылып қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді.
Қоғамдық қызметпен айналысады. 2018 жылдың 30 маусымынан бастап – Жамбыл облысының «Вынхуа»дүнген этномәдени орталығы қауымдастығының төрайымы. 2021 жылдың қаңтар айында Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болып сайланды.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





