Дургалова Камила Махамбетовна

    Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылған депутаты.

    Дургалова Камила Махамбетовна
    Депутат маслихата

    Дургалова Камила Махамбетовна

    Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылған депутаты.

    Өмірбаян

    Дургалова Камиля Махамбетовна 1985 жылы 16 қаңтарда Жамбыл облысы , Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. Ұлты-турчанка.

    1991-2002 жылдары Михайловка орта мектебінде оқыды. 2002-2007 жылдары Ж.Баласағұн атындағы ҚМҰУ-ті Лингвист, «Шет тілдері мен мәдениеттерін оқытудың теориясы мен әдістемесі (Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация)»мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы «Психология»бағыты бойынша психология магистрі академиялық дәрежесі берілді.

    Тұрмыста, 4 бала тәрбиелеп отыр.

    2008 жылдан 2015 жылға дейін «Береке» гуманитарлық – техникалық колледжінде оқу бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеді.

    2015 жылдан бүгінгі күнге дейін – колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.

    2015 жылы бірінші біліктілік санаты берілді.

    Екі үздік дипломы бар.

    Марапаттар:

    1. Қордай ауданының мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін «АзТурк» этномәдени орталығының Құрмет грамотасы, Қордай ауылы 2015жыл.
    2. Қордай ауданының мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін Қордай ауданының әкімі Қ. А. Досаевтың алғыс хаты,

    Қордай ауылы 2016 жыл.

    1. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі, ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін, Қордай аудандық мәслихатының Алғыс хаты, 2016 жыл.
    2. «Ахыска» ТЭМО төрағасы З. И. Касановтың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жемісті еңбегі, зор еңбегі үшін алғыс хат, 2020ж.
    3. 1 наурыз-Алғыс айту күнін мерекелеу құрметіне Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің құттықтау хаты. Қордай, 2018 ж.
    4. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Ыбышеваның алғыс хаты. «Дені сау ұлт – мықты мемелекет» волейбол жарысына белсенді қатысқаны үшін.
    5. Қордай ауданының мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеуге орай Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің құттықтау хаты. Қордай, 2019ж.
    6. «AMANAT партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Б.М. Сапарбаевтың «алғыс хаты» 2020 жыл.
    7. Ұйымдастыру комитетінің төрайымы М.Махмудованың білім беру саласына қосқан зор үлесі және республикалық онлайн олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін алғыс хаты. Нұр-сұлтан, 2020ж.
    8. 2021 ж. «AMANAT» партиясының праймериз және сайлауға үлкен үлес қосқаны және белсенді қатысқаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты.
    9. 2021 жылдың 8 наурыз мерекесіне орай аудан әкімі Р.Дәулет атынан алғыс хат

    «Ахыска» түріктерінің жер аударылуына 75 жыл толуына арналған Медаль Алматы 2020 ж.

    Дүниежүзілік түрік-ахыска қауымдастығының медалі (DATÜB) этникааралық келісімді қолдағаны және дамытқаны үшін. Алматы 2020 ж.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    VII шақырылған Қордай аудандық мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері