
Кузербаев Мырзагали Ыстыбаевич
Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
Өмірбаян
Кузербаев Мырзагали Ыстыбаевич
1960 жылы 5 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «ғалым-агроном»мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Инженер-экономист»мамандығы бойынша бітірген.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.
1982-1984 жылдары-Жамбыл облыстық өсімдіктерді қорғау станциясында агроном;
04.1984 – 09.1984 ж. – Красногор аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында аға агроном;
1984-1985 жылдары-Красногор аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы;
1985-1987 жылдары-Жамбыл облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы;
1987-1991 жылдары-Меркі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.;
08.1991 – 11.1991 жылдары-Меркі аудандық Коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы;
11.1991 – 11.1991 Меркі аудандық Социалистік партиясы ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
1991-1992 жылдары-Меркі аудандық социалистік партиясының хатшысы – ;
1992-1994 жылдары-Меркі аудандық ауыл шаруашылығы кешенінің кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары.;
1994-1995 жылдары-Меркі аудандық мәслихатының кеңесшісі;
01.1996 – 08.1996 ж. – «Зенека»фирмасында кеңесші;
1996-1997 жылдары-Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы;
1997-1998 жылдары-Қордай аудандық өндірістік пайдалану басқармасының бастығы;
1998-2001 Ж. Ж.-«Қызылғұр»ШҚ механик-инженері;
2001-2002 жылдары – «Қызылғұр» ШҚ менеджер;
2002-2011 ж. ж. – жеке кәсіпкер;
2011-2012 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
05.2012 – 07.2012 ж. Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы;
2012-2013 жылдары-Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы;
2013-2017 жылдары Қарасу ауылдық округінің әкімі;
07.2017 – 10.2017 Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы;
2017-2019 жылдары-Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2019-2021 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары;
2021 жылдан Қордай ауданының «AMANAT» партиясы филиалының бірінші орынбасары;
Қазіргі уақытта аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы.
2016 жылы » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл «мерекелік медалімен марапатталған.





