Кенжебеков Дәурен Уәлиұлы

    Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    Кенжебеков Дәурен Уәлиұлы
    Депутат маслихата

    Кенжебеков Дәурен Уәлиұлы

    Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    Өмірбаян

    Кенжебеков Дәурен Уәлиұлы 23 наурыз 1972 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Ойық орта мектебіне барып 1988 жылы сол мектебін бітіріп, Жамбыл қаласындағы педагогикалық институтының «педагогика» мамандығы бойынша 1994 жылы бітірген.

    Үйленген, ұл тәрбиелеуде.

    Еңбек жолын «Ойық» музыка мектебінен 1994 жылдан бастап, 1996 жылы Әлменұлы атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына дейін көтеріліп туған ауылында қызмет атқарды.

    1997 жылы Жамбыл қаласындағы №5 Жамбыл атындағы орта мектебіне жұмысқа орналасып, 1998 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.Осы жылдар аралығында жақсы жұмыстарының арқасында талай алғыстар мен мақтауларға ие болды.

    2006 жылы №50 Ө.Жолдасбеков атындағы орта мектебіне директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысып, 2012 жылдан Алматы қаласындағы Қазақстан Денсаулық сақтау министірлігінің «Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығында» директордың ұйымдастыру- экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызыметіне орын ауыстырды. 2013 жылы Тараз инновациялық университетінде 12 жылдық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының директоры;

    2014-2017 жылдары №8 Мойынқұм колледжінің директоры;

    2017 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қордай» ауылшаруашылығы колледжінің директоры.

    «Ауыл» партиясының мүшесі. Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері