
Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы
Маңғыстау облыстық мәслихатының аппарат басшысы
Өмірбаян
1964 жылы Таушық ауылында туған, Маңғыстау облысы, Қазақ КСР. Білімі жоғары. 1988 жылы Алматы құрылыс техникумын өнеркәсіптік-құрылысшы мамандығы бойынша, сондай-ақ 2004 жылы М.Тынышбаева атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
1981-1988 - Маңғыстау ЖЭУ жұмысшысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы;
1988-1989 - «Маңғыстаумұнайқұрылыс» тресінің ағаш ұстасы, бақылаушы, шебері, Жаңаөзен қаласы;
1989-1991 - «Қызылтұран» карьерінің шебері, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы;
1991-1993 - Маңғыстау ЖЭУ шебері, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы;
1993-1994 - Қаламқас кен орнының № 9 учаскесінің 5-разрядты слесарі;
1994-2000 - «Маңғыстаумұнай жолдары» ЖШС шебері, бригадирі, Ақтау қаласы;
2000-2001 - «Жолсервис» ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы, Жаңаөзен қаласы;
07.2001-03.2002 - Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы директорының орынбасары, Ақтау қаласы;
03.2002-12.2004 - Маңғыстау облысы бойынша аумақтық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының жетекші маманы, Ақтау қаласы;
2005-2006 - Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, басшысы м.а.;
2006-2009 - Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы, Ақтау қаласы;
07.2009-12.2017 - Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі;
04.2017 - 10.2019 - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;
10. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Маңғыстау облыстық мәслихатының аппарат басшысы.
