
Өмірбаян
1965 жылы 1 қыркүйекте Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Талдықорған зооветеринарлық техникумының факультетін ауыл шаруашылығы бухгалтері мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін Есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
1965 жылы 1 қыркүйекте Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Талдықорған зооветеринарлық техникумының факультетін ауыл шаруашылығы бухгалтері мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін Есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы "Красный – Восток"колхозында бухгалтер болып бастаған.
1987-1999 жылдары "Красный Восток" колхозының кәсіподақ ұйымында бухгалтер.
1999 - 2001 жылдары "АҚС – Игілік"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.
2001-2003 жылдары "МСМ – Ақбоз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
2003-2004 жылдары Алматы облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Панфилов ауданы бойынша аға инспекторы.
2004-2012 жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Панфилов ауданы бойынша аға инспекторы.
2013 жылдан бастап "Азияветсервис"жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры қызметін атқарады.
2011 жылы мемлекет тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.
2013 жылы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің "Алғыс хатымен" марапатталды.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес - рейтингінің ұйымдастыру комитетінің "еңбек қызметіндегі тиімділігі үшін" медалімен, сондай-ақ Женева қаласындағы "шағын бизнес мекемесін тиімді және табысты басқаруға қосқан зор үлесі үшін" халықаралық дипломымен марапатталған.
2015 жылы Лондондағы "шағын бизнес мекемесін тиімді және табысты басқаруға қосқан зор үлесі үшін" "Еуропалық сапа Гран-приі" халықаралық медалімен марапатталды.
2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл"мерейтойлық медалімен марапатталды.
ҚР "Қазақстан мұғалімдері қоғамы" №0109/10953 бұйрығымен бекітілген Аккредиттеу Кеңесінің шешімі негізінде қоғам қайраткері медалімен марапатталған.
2018 жылы ауданның экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі, кәсібилігі және өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылы Панфилов ауданы әкімінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Атамекен" кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында "Үздік жылдық ұйым" номинациясы бойынша ұйымның басшысы ретінде алғыс хатпен, әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізе отырып, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға бас демеушілік көрсеткені үшін "Жомарт жүрек" сыйлығымен марапатталды.
2020 жылы ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай "Шапағат" медалімен марапатталды.





