
Өмірбаян
1962 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы Панфилов ауданы Қоңыролен ауылында дүниеге келген. 1981-1983 жылдары әскер қатарына шақырылып, Ауғанстанда халықаралық борышын өтеген. Білімі жоғары. 1997 жылы Алматы қаласындағы "Тұран" университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, 3 баласы, 5 немересі бар.
Еңбек жолын Панфилов ауданы Көктал ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқытушы-жаттықтырушы болып бастады.
1985-1987 жылдары Панфилов ауданының педагогикалық училищесінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді.
1987-1990 жылдары Н. Головацкий ауылының орта мектебінің мұғалімі.
1990-1997 жылдары "Қорғас" кеденінде инспектор болып жұмыс істеді.
1999 жылдан бастап Алматы облысы Панфилов ауданының прокуратурасына "прокурордың көмекшісі" лауазымына қабылданды.
2003 жылдан бастап Алматы облысы прокуратурасының бірқатар аудандарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды, аудан прокурорына дейін қызмет атқарды.
2015 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаркент қаласының "Панфилов ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып табылады.
Көп жылғы жемісті еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен, салалық, мерейтойлық медальдармен марапатталған.





