Бурашев Ербол Досанұлы

    Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    Бурашев Ербол Досанұлы
    Депутат маслихата

    Бурашев Ербол Досанұлы

    Қордай аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    Өмірбаян

    Бурашев Ербол Досанұлы 1987 жылы 28 сәуірде Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында дүниеге келді.

    Алғашқы білім алу қадамын 1993 жылы «Орджоникидзе» атындағы №1 аудандық гимназия мектебінде бастады. 2001 жылы Тараз қаласында «Дарын» атты мектеп-интернаты ашылған кезеңінде іріктеуден өтіп, оқуды осы мекемеде аяқтап шықты.

    Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.

    2004-2008 жылдары Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің іргесінен бакалавр дәрежесін алып шығып, 2008 жылдың қыркүйек айында Биологиялық Қауіпсіздік Проблемаларының Ғылыми Зерттеу Институтының «Микроорганизмдер Жиынтығы» зерханасына аға зертханашы лауазымына жұмысқа қабылданды. Институттың зерттеулеріне белсене қатысып, бір жыл өте, кіші ғылыми қызметкер лауазымына ие болды. Осы кезеңде тұмау вирусына бағытталған зерттеу жұмыстарына атсалысып, содан «Тұмау вирусының NIBRG-121-XP штамының биологиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде 2009-2011 жылдар аралығында магистрлік диссертациясын қорғап, магистр дәрежесіне ие болды.

    Ғылыми бағытты өзгерту мақсатында, 2011 жылдың қараша айында институттың «Молекулалық биология және гендік инженерия» зертханасына ауыстырылды. Жұмыс барысында молекулалық биологияның заманауи әдістерін игеріп, зертханада жасалып жатқан отандық және халықаралық жобаларға қатысып Ресей, АҚШ, Үндістан, Түркия және Польша атты шет елдерінің ғылыми орталықтарында тәжірибие алмасып, конференцияларында өзекті тақырыптарда баяндама жасап өтті.

    Биологиялық Қауіпсіздік Проблемаларының Ғылыми Зерттеу Институтында қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып 2015-2019 жылдар аралығында институттың Жастар Ғылыми Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

    PhD бағдарламасын Әь-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Биология» факультетінде «6D060700-Биология» мамандығы бойынша «2012 жылы Қазақстан Республикасында оқшауланған тұмау вирусының өзекті штамдарының биологиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында 2013-2016 жылдар аралығында аяқтады. Қосымша уақытта қажетті мақалаларды жариялап, 2020 жылдың 13 наурызында Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің диссертациялық кеңесінде диссертациялық жобаны сәтті қорғап шықты. Диссертацияны қорғау нәтижесі бойынша, диссертациялық «6D060700-Биология» мамандығы бойынша PhD (философия докторы) дәрежесіне ие болды.

    Қазіргі таңда Биологиялық Қауіпсіздік Проблемаларының Ғылыми Зерттеу Институтының «Ұжымдық пайдалану» зертханасының меңгерушісі лауазымында қызмет атқарады. Зерттеулер нәтижесі бойынша отандық және шетелдік басылымдарға 60-тан астам ғылыми мақалалар мен тезистер жарияланды.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері