
Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы
Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1961 жылғы 20 мамырда Жетісу облысы Панфилов ауданының Көңыролең ауылында дүниеге келген.
1984 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
1999 жылы Абай атындағы мемлекеттік университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Еңбек жолын 1984 жылы Көңыролең орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1990–1991 жылдары — тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші, оқу ісі жөніндегі орынбасар.
1993–1995 жылдары — «Қорғас» кеденінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1995 жылы — «Қорғас» кеденінің кезекші бөлімінің инспекторы.
1995–1997 жылдары — «Қорғас» кеденінің экспорт және импорт бөлімінің аға инспекторы.
1997–1999 жылдары — «Жұлдыз» фирмасының туризм бөлімінің директоры.
1999–2006 жылдары — «Жұлдыз» фирмасының директоры.
2007–2012 жылдары — Көңыролең ауылдық округінің әкімі.
2012–2014 жылдары — Панфилов ауданы «Панфилов Су құбыры» ШЖҚ КМК-ның басшысы.
2014–2016 жылдары — Жаркент қаласының әкімі.
2017 жылы — Панфилов ауданы әкімдігі «Панфилов Су құбыры» ШЖҚ КМК-да заңгер.
2017 жылдың сәуір айынан бастап — Панфилов ауданы мәслихатының төрағасы.
Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:
«Құрмет» орденімен;
«Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен;
Қазақстан Республикасы Талдықорған қаласы Ауған соғысы ардагерлері ұйымының 30 жылдығына орай «Армия генералы С. К. Нұрмағамбетов» медалімен;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет грамотасымен.
Мерейтойлық медальдар:
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»,
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»,
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»,
- «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»;
- «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік төсбелгісі.
Партиялық тиістілік:
«AMANAT» партиясының мүшесі.

