
Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы
Панфилов ауданының мәслихат төрағасы
Өмірбаян
1961 жылы 20 мамырда Жетісу облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1984 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын "Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университетті "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, үш баласы, үш немересі бар.
Еңбек жолын 1984 жылы Қоңырөлең орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
1990-1991 жылдары-меңгеруші. Қоңырөлең орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1993-1995 жылдары-"Қорғас" кеденінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1995-1995 жылдары-"Қорғас" кеденінің кезекші бөлімінің инспекторы.
1995-1997 жылдары-"Қорғас"кеденінің экспорт және импорт бөлімінің аға инспекторы.
1997-1999 жылдары - "Жұлдыз"фирмасының туристік бөлімінің директоры.
1999 жылдан 2006 жылға дейін "Жұлдыз"фирмасының директоры.
2007-2012 жылдары-Қоңырөлең ауылдық округінің әкімі.
2012-2014 жылдары-Панфилов ауданының "Панфилов Су құбыры" ШЖҚ МКК басшысы.
2014-2016 жылдары Жаркент қаласының әкімі.
2017 жылы Панфилов ауданы әкімінің "Панфилов Су құбыры" ШЖҚ МКК-ның заңгері.
2017 жылдың сәуір айынан бастап Панфилов ауданының мәслихат төрағасы.
Марапаттар:
2009 ж. "Нұр Отан" ХДП-на 10 жыл" мерейтойлық медалі.
2015 ж. Қазақстан Республикасы Талдықорған Ауған соғысы ардагерлері ұйымының 30 жылдығына орай "Армия генералы С. К. Нұрмағамбетов" медалі
2015 ж. "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалі;
2016 ж. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі;
2016 ж. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі;
2020 ж. "Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл" мерекелік медалі;
2020 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет грамотасы;
2021 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.

