Апаева Таня Мудалифовна

    Қордай аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

    Апаева Таня Мудалифовна
    Депутат маслихата

    Апаева Таня Мудалифовна

    Қордай аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

    Өмірбаян

    Апаева Таня Мудалифовна 1964 жылдың 14 қаңтарында Қырғыз ССР-ның Қант ауданындағы Дмитриевка ауылында туылған.

    Орта мектепті 1981 жылы бітіріп, Фрунзе қаласындағы медициналық училищеге түсіп, 1983 жылы бітірді. Еңбек жолын Сортөбе ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясында патронаждық медбике болып бастады, 1987 жылдан 1998 жылға дейін осы жерде лаборант болып жұмыс істеді.

    1992-1998 жылдары Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетінде «биология»мамандығы бойынша оқыды.

    3 бала тәрбиелеген.

    1998-1999 жылдары – «Сортөбе» аумақтық медициналық орталығының дәрігер-зертханашысы, бас дәрігердің ұйымдастыру әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары. 1999-2001 жылдары – отбасылық дәрігерлік амбулаторияның менеджері, 2001-2006 жылдары Сортөбе ауылдық ауруханасының дәрігер-зертханашы, бас дәрігердің ұйымдастыру әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

    2006-2011 жылдары Сортөбе ауылдық ауруханасының бас дәрігері, 2011 жылдан бастап Қордай аудандық орталық ауруханасының «Сортөбе ауылдық ауруханасы»филиалының меңгерушісі.

    2013 жылы Қырғыз мемлекеттік медакадемиясын «фармация»мамандығы бойынша бітірген.

    Қордай аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты. Аудандық мәслихаттың білім беру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

    «AMANAT» партиясының мүшесі. Сортөбе ауылындағы «AMANAT» бастуыш партия ұйымының төрайымы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері