
Позолотин Денис Николаевич
№4 сайлау округінен аудан мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Денис Николаевич Позолотин, 1980 жылы 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Явленка селосында дүниеге келген, ұлты орыс. Білімі жоғары, 2007 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Инженер-сарапшы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1999 жылдан фермерлік шаруашылықтың агроном — есепшісі болып бастады. 2004 жылдан — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы. 2005 жылдан Есіл ауданының білім беру және спорт бөлімінің бас маманы. 2010 жылдан — Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы. 2015 жылдан 2024 жылға дейін Есіл сұрыпты сынау учаскескісінің басшысы. 2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Татьяна" ФШ басшысы.
Белсенді және жемісті еңбегі үшін 3 дәрежелі «Еңбек — Даңқы» медалімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы дене шынықтыру және спорт министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, Есіл ауданы әкімінің құрмет грамоталарымен, Есіл ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





