Қойшыбаев Біржан Төлеббергенұлы

    №11 сайлау округінен аудан мәслихатының депутаты

    Қойшыбаев Біржан Төлеббергенұлы
    Депутат маслихата

    Қойшыбаев Біржан Төлеббергенұлы

    №11 сайлау округінен аудан мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Біржан Төлеббергенұлы Қойшыбаев, 1992 жылы 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2013 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, «Лейтенант» әскери шенін игерумен «Мотоатқыш бөлімше командирі» мамандығы бойынша әскери — есеп кафедрасын тәмамдады.

    Еңбек жолын 2012 жылы «СҚО әкімдігінің муниципалды телерадиарнасы» ЖШС тілшісі болып бастады. 2013 жылдың

    ақпанынан 2013 жылдың шілде аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторы болып жұмыс атқарды. 2013 жылдың тамызынан 2017 жылдың қыркүйек аралығында «Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып жұмыс атқарды.

    2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың тамыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері. 2018 жылдың тамыз айынан «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2020 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін «Покровка орта мектебі» КММ-нің директоры.

    Белсенді және жемісті жұмысы үшін Б.Т.Қойшыбаев келесі марапаттарға ие:

    • 2018 ж. — Ы. Алтынсарин ат. ҰБА Алғыс хаты.
    • 2019 ж. — Есіл ауданы әкімінің Алғыс хаты.
    • 2020 ж. — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы, Солтүстік Қазақстан облысы «AMANAT» партиясы филиалы төрағасының Алғыс хаты.
    • 2021 ж. — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаты.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері