
Аманов Ғани Мырзағабылұлы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Өмірбаян
Аманов Ғани Мырзағабылұлы 22.04.1979 жылы Қызылорда облысы Қазалы кентінде дүниеге келген.
1996 жылы Алматы су шаруашылығы техникумын "бухгалтерлік есеп", 2000 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "құқықтану", 2002 жылы Қазақ ұлттық университетін "заңтану магистрі", 2019 жылы Жетысу мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы облысы бойынша Салық комитетінің заң бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.
06.2003-08.2006 - Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бас маманы, бөлім бастығы;
08.2006-08.2008 - Алматы облысы Көксу ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;
08.2008-04.2009 - Алматы облысы бойынша Салық департаменті Ведомстволық бақылау басқармасының бастығы;
04.2009-10.2009 - Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
10.2009-01.2010 - "Астана-Жана кала" Салық департаменті бастығының орынбасары;
01.2010-10.2010 - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Ведомстволық бақылау басқармасының бастығы;
11.2010-12.2010 - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Адам ресурстары және ведомстволық бақылау басқармасының басшысы;
12.2010-03.2014 - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
03.2014-10.2014 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Адам ресурстары және салық қызметі органдарын жаңғырту басқармасы басшысының орынбасары;
10.2014-09.2015 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Адами ресурстары және салық қызметі органдарын жаңғырту басқармасы басшысының басшысы;
09.2015-11.2018 - "Астана ЭКСПО 2017" корпоративтік қорының Бас директоры;
11.2018-06.2021 - "Bolashak Investment LTD" жеке компаниясының атқарушы директоры;
06.2021-07.2021 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Төраға хатшылығы басқармасы басшысының м.а.;
07.2021-10.2021 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кадр және ішкі әкімшілендіру департаменті Төраға хатшылығы басқармасының басшысы;
10.2021-10.2022 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры;


