Умурзаков Ермек Ерсайынович

    Аппарат басшысы

    Умурзаков Ермек Ерсайынович
    Руководитель аппарата

    Умурзаков Ермек Ерсайынович

    Аппарат басшысы

    Өмірбаян

    Умурзаков Ермек Ерсайынович 1984 жылы 28 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, жоғары білімді.

    2007 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, 2011 жылы - «экономика» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Ермек» шаруа қожалығы басшысының орынбасары қызметінен бастаған. 2009 жылы Ұлан ауданының кәсіпкерлік бөлімінде іс жүргізуші, 2010 жылдан 2013 жылға дейін Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, 2014 жылдан 2020 жылға дейін Ұлан ауданының қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2020 жылдан 2025 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бюджеттің орындалуы бөлімінің басшысы, 2026 жылдан бастап Ұлан аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері