Калиева Гульмайра Набиевна

    Ұлан аудандық мәслихат төрағасы

    Калиева Гульмайра Набиевна
    Қызметкерлер

    Калиева Гульмайра Набиевна

    Ұлан аудандық мәслихат төрағасы

    Өмірбаян

    Қалиева Гүлмайра Нәбиқызы 1967 жылы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Точка ауылында дүниеге келген. 1974 жылдан 1984 жылға дейін орта мектепте оқыды. 1984 жылы Өскемен қаласындағы құрылыс-жол институтына «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша оқуға түсті. Институтты 1989 жылы бітірген. 2013 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

    Еңбек жолын 1989 жылдың тамыз айынан бастап «Каздорпроект» мемлекеттік жобалау институтының Целиноград филиалында инженер болып бастады. 1992 жылғы тамыздан 1993 жылғы ақпанға дейін Ұлан өндірістік-жол учаскесінде қоймашы болып жұмыс істеді. 1993 жылдан 1997 жылға дейін Ұлан аудандық әкімшілігінің референті, 1997 жылдан 1998 жылға дейін құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс салу бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдың желтоқсан айынан 1999 жылдың сәуір айына дейін Ұлан ауданы әкімі аппаратының сәулет және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, 1999 жылдың сәуірінен 2004 жылдың сәуіріне дейін Ұлан ауданы әкімі аппаратының сәулет және коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылдың сәуір айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін «Ұлан ауданының сәулет және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ меңгерушісі. 2005 жылдың қаңтар айынан 2006 жылдың қаңтар айына дейін «Ұлан ауданының құрылыс, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы. 2006 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың маусым айына дейін «Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы, одан кейін басшысы. 2014 жылдың маусым-желтоқсан айларында Ұлан ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы. 2014 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың 14 қаңтарына дейін «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы. 2021 жылғы 14 қаңтардан 2023 жылдың 16 қаңтарына дейін Ұлан аудандық мәслихаттың хатшысы болып, 2023 жылдың 16 қаңтарынан 19 наурызы аралығында Ұлан аудандық мәслихатының VII шақырылымының мәслихат төрағасы болып қызмет атқарды.

    2023 жылдың 30 наурызында мәслихаттың сессиясында VIII шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері