Молдағанапов Зиядден Жанмолдаұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Молдағанапов Зиядден Жанмолдаұлы
    Заместитель руководителя управления

    Молдағанапов Зиядден Жанмолдаұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Зиядден Жанмолдаұлы Молдағанапов 1960 жылы 13 қаңтарда Көкшетау облысы Володаровский ауданының Қаратал ауылында дүниеге келдi, ұлты қазақ, жоғары бiлiмi бар.

    1981 жылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылық институтын тамамдады.

    1981 жылдың қыркүйек айында ЖОО тамамдағаннан кейiн, еңбек жолын Көкшетау облысы Ленинградский ауданы Қызылту ауылында, аудандық мамандандырылған шаруашылық бiрлестiгiнде бас экономист лауазымынан бастады, 1987 жылдың маусым айынан бастап — Ленинградский ААӨБ-нiң бас экономистi, 1988 жылдың қыркүйек айынан бастап — ААӨБ төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

    1991 жылдың шiлде айынан 1997 жылдың шiлде айына дейiн ауыл шаруашылығы басқармасында басқарма бастығының орынбасары, жоспарлау-экономика бөлiмiнiң бастығы, басқарма бастығының бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 1998 жылдың сәуiр айынан 1999 жылдың наурыз айына дейiн «Бейсенов» ШҚ бухгалтерi болып iстедi.

    1999 жылдың наурыз айынан 2003 жылдың қаңтар айына дейiн «Голден Грейн» АӨК-нiң Ақжар бөлiмшесi» ЖШС-да, «Голден Грейн Групп» корпорациясы» ЖАҚ-та бас экономист, бас бухгалтер лауазымдарын атқарды. 2004 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың мамыр айына дейiн Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығының өнiмiн өңдеу басқармасында бас маман-агроном болып iстедi.

    2004 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың қазан айына дейiн Ақжар ауданы әкiмiнiң экономика мәселелерi бойынша орынбасары лауазымын атқарды.

    2011 жылдың қазан айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында басқарма бастығының орынбасары лауазымын атқарады. 2012 жылдың қараша айынан бастап басқарма бастығының мiндетiн атқарады. 2013 жылғы 29 қазаннан бастап басқарма басшысы орынбасары лауазымын атқарады

    2007 жылдың тамыз айында мемлекеттiк мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнiне орай, қоғамдық өмiрге белсендi қатысқаны және облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан үлесi үшiн облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 ж. 05.10. № 708 Жарлығымен елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына, халық арасындағы ынтымақтастық пен бейбiтшiлiктi нығайтуға қосқан үлесi, белсендi қоғамдық қызметi, мемлекетке жасаған еңбегi үшiн Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері