
Рымжанов Бахтияр Талгатұлы
Аудандық мәслихатының VII- шақырылымының депутаты
Өмірбаян
1993 жылы 24 қазанда дүниеге келген. Алматы заң колледжін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Содан кейін бакалавр “Caspian University” бітірді.
Еңбек жолын 2012 жылы «Оңтүстік Астана» ТРК» АҚ «Алматы» телеарнасында журналист – редактор, бағдарламалар мен жаңалықтар жүргізушісі, атқарушы продюсер болып бастады.
2016 – 2017 жылдар аралығында «Хабар» агенттігі» АҚ бағдарламалар өндірісі дирекциясының редакторы.
Алматы қаласы мәслихат депутатының баспасөз хатшысы – көмекшісі.
2017 жылы «Qazaqstan» РТРК» АҚ «Qareket» бағдарламасының редакторы ретінде жұмысын жалғастырды.
2018 жылы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының Алматы қаласы бойынша меншікті тілшісі.
Алматы облысы Іле ауданы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
2020 жылдан бері Іле аудандық «Іле таңы» газетінің директор-бас редакторы.





