
Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы
Аудандық мәслихатының VII- шақырылымының депутаты
Өмірбаян
1 желтоқсан 1965 жылы туылған.
Алматы Құрылыс техникумының «Архитектура» бөлімін бітіріп, «Архитектор» мамандығын алды.
1990-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік Университетін бітіріп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын алды.
Еңбек жолын Кеген ауданы №3 орта мектебінде сурет, еңбек пәнінің мұғалім болып бастады.
1988 – 1989 жылдары Райымбекаудандық «Техникалық инвентаризация бюросының» техник-инвентаризаторы.
1989 – 1996 жылдары– Жалаулы орталау мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.
1996 – 1998 жылдары Жалаулы орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі
1998 – 2000 жылдары Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылы О.Жандосов атындағы орта мектебінің директоры.
2000 – 2005 жылдары Іле ауданы Ынтымақ ауылы №30 орта мектебінің директоры.
2005 жылы Іле аудандық әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бастығы.
2010 жылдан Іле аудандық әкімдігі Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
2012-2018 жылдан Іле аудандық әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2018 жылдан Ынтымақ ауылы «46 орта мектебі МКМ» директоры болып тағайындалды.





