
Бейсенбаева Сандуғаш Базарбайқызы
Аппарат басшысының орынбасары
Өмірбаян
1974 жылы 14 қыркүйекте Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданы Лепсі кентінде дүниеге келді.
1991 жылы Бөрлітөбе ауданы Лепсі кентіндегі К.Ушинский атындағы орта мектебін бітірді.
1994 жылы Қазақ тұтынушылар одағының АОӨҚ-ң технологиялық техникумын «Техник-технолог»,2005 жылы Алматы технология және бизнес университетін «Инженер-технолог», 2007 жылы Гуманитарлық-экономикалық академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандықтары бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1994 жылы «Нан» АҚ-ң технологиялық бақылау бөлімінің бақылаушы ретінде бастады.
1996-1999 жылдары - «Нан» АҚ-ң тәті тағам цехінің инженер-технологі.
1999-2000 жылдары - «Мухамеджанов» ЖК «Сауда және маркетинг» бөлімінің маманы.
2003-2005 жылдары - Алматы облыстық мәслихаты аппаратының жетекші маманы.
2005-2013 жылдар аралығында Алматы облыстық мәслихаты аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.
2013 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 20 ақпанына дейін - Алматы облыстық мәслихаты аппаратының баспасөз-хатшысы.
2018 жылдың 20 ақпанынан 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін - Алматы облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы.
2022 жылдың 1 шілдесіне бастап, қазіргі уақытқа дейін - Жетісу облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы.





