Жүсіпов Сұңғат Шәуәліұлы
«Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ басшысы
Өмірбаян
Білімі:
Алексеев № 10 АШАКУ (1984 ж.);
Целиноград автомобиль транспорты техникумы (1989 ж.);
Алматы үздіксіз білім беру университеті, «Құқықтану» мамандығы (2012 ж.).
Еңбек жолы мен қызметі
1983–1984: Макин ауданы «Заветы Ильича» совхозында комбайншының көмекшісі.
1984–1986: Кеңес Армиясы қатарындағы әскери қызмет.
1989–2011: Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарындағы (ІІО) қызмет:
ЖПҚ инспекторынан Ақмола облысы ИІБ Шортанды АІІБ жол полициясы бөлімшесінің бастығына дейінгі жолдан өтті (2002–2011 жылдары бөлімшені басқарды).
Полиция майоры шені берілген. Медальдармен және алғыс хаттармен марапатталған.
2011 жылғы желтоқсан: «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 80-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты ҚР ІІО-дан запаска босатылды.
Қазіргі уақытта: «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ директоры.




