
Маманов Бауыржан Сәкенұлы
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Маманов Бауыржан Сакенұлы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2016–2018 жылдары тәмамдаған.
Әскери міндетті.
2008–2011 жылдары Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасында білім алып,
ВУС-800100 бойынша лейтенант әскери атағы берілген.
Еңбек қызметі
2011 жылғы 12 қаңтардан 2014 жылғы 25 наурызға дейін
Астана қаласында орналасқан «БТС и К» ЖШС-інде қаржыгер болып жұмыс істеген.
Жеке өтініші бойынша жұмыстан босатылған.
2014 жылғы 4 сәуірден 2014 жылғы 27 қазанға дейін
Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі 8 мекенжайында орналасқан
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде эксперт болып қызмет атқарған.
2014 жылғы 27 қазаннан 2015 жылғы 30 наурызға дейін
Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі 8
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде эксперт болып жұмыс істеген.
2015 жылғы 30 наурыздан 2018 жылғы 19 наурызға дейін
Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі 8
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде бас эксперт қызметін атқарған.
2018 жылғы 20 наурыздан 2019 жылғы 1 сәуірге дейін
Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі 8
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінде басқарма басшысы болып жұмыс істеген.
2020 жылғы 18 мамырдан 2021 жылғы 21 маусымға дейін
Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі 8
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде басқарма басшысы қызметін атқарған.
2021 жылғы 23 маусымнан 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін
Астана қ., Қонаев көшесі 10
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-да департамент директоры қызметін атқарған.
2023 жылғы 5 қаңтардан 2025 жылғы 24 қаңтарға дейін
Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі 55/5
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
2025 жылғы 27 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін
Көкшетау қ., Қошқарбаев көшесі 51
Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.
