
Разбеков Марат Мелисович
VIII шақырылған мәслихат төрағасы
Өмірбаян
1966 жылы Талдықорған облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын орман шаруашылығы инженері, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-есепші мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Сарқан шарап зауытының жұмысшысы ретінде бастады. 1988- 1993 жылдары Сарқан орман шаруашылығының жұмысшысы, 1993-1998 жылдары Сарқан ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, 1998 – 2000 жылдары «Сервис центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшісі, 2000 -2010 жылдары Алматы облысы бойынша салық комитетінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас салық инспекторы, өндірістік емес төлемдер бөлімінің бастығы, уәкілетті органдармен жұмыс бөлімінің бастығы, салық төлеушілерді тіркеу басқармасының бастығы, салық әкімшілігін жүргізу басқармасының бастығы, Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасының бас салық инспекторы, Сарқан ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды, 2010-2018 жылдары Сарқан ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейін Сарқан ауданы әкімі қызметін атқарды. 2020 жылдың мамыр айынан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Өңірлік даму институты» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасының кеңесшісі. 2021 жылдың 15 қаңтарынан Сарқан аудандық мәслихатының хатшысы
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25» жыл» мерекелік медалімен марапатталған.