Сарқан аудандық мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Мәслихат (жергiлiктi өкiлдi орган)- ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Өз өкілеттігі шегінде аумақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының қамтамасыз етілуіне, азаматтар құқықтарының, олардың заңды мүдделерінің қорғалуына жауап береді.
    Мәслихат аппараты - тиiстi мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн коммуналдық мемлекеттiк мекеме.
    Мәслихат сессиясы - мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Шешім

    «Сарқан ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы

    28 қыркүйек 2026 жыл № 65-253 «Сарқан ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сарқан ауданы әкімінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 99-02-23/ 1300-И хатына сәйкес ауданының спорт, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға үлес қосқандары үшін, қосымшада көрсетілген азаматтарға «Сарқан ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін. Сарқан аудандық мәслихатыныңтөрағасы М. Разбеков Сарқан аудандық мәслихаттың 2026 жылғы «28» қыркүйектегі № 65-253 шешіміне қосымша «Сарқан ауданының құрметті азаматы» атағы берілген азаматтардың тізімі Аширбеков Заманхан Манапович Молдахметов Матайбек Жанымханович Бейсебаева Сауле Нуракимовна

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Cарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 58-222 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Cарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 58-222 шешімінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Cарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 58-222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №224913 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні

    Жарияланды: