
Өмірбаян
1962 жылдың 24 наурызында Қарағанды қаласында туған.
1984 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Біліктілігі бойынша филолог, оқытушы. 2015 жылы Қарағанды «Болашақ» университеті - құқық бакалавры
Еңбек жолын 1984 жылы ОКТУ-29 (61) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
1987 ж. тамызынан 1989 ж. тамызына дейін – Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 17 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
1989 жылдың қыркүйегінен бастап - Қарағанды педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімі, стажер – зерттеуші.
1993-1996 жж. – Әлемдік тілдер жөніндегі Өзбек мемлекеттік университеті аспирантурасының күндізгі оқу бөліміне алынды, Ташкент қаласы.
1996 ж. желтоқсанынан 2003 ж. сәуіріне дейін «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, аға референті.
2003 ж. сәуірінен бастап - «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Қарағанды қ.
2006 ж. тамызынан бастап - «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ кіші ассамблея хатшылығының бас маманы.
2007 ж. қаңтарынан бастап – «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық жұмысы бөлімінің бастығы.
2010 жылдың сәуір айынан бастап Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылғы 10 қаңтарда Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ директоры болып тағайындалды.





