
Қызметкерлер
Кутваров Әкежан Амангелдіұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1990 жылғы 27 тамызда Қарағанды облысының Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2012 жылы саясаттану мамандығы бойынша Қарағанды «Болашақ» университетін бітірген, әлеуметтік білім бакалавры дәрежесі бар. Құқықтану мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2012 жылы «Абай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ ішкі саясат бөлімінде маман болып бастаған. Аталған бөлімде 2016 жылға дейін жұмыс істеген.
2016 жылғы тамыздан бастап бас маман болып жұмыс істеді, ал 2020 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының талдау, болжамдау және әлеуметтік технологиялар бөлімінің басшысы болып табылады.




