
Өмірбаян
Абылаев Асхат Советқазыұлы, 04 тамыз 1988 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
2005 жылы К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебін, 2010 жылы Семей қаласындағы Қазақ Қаржы- Экономикалық Академиясын «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
2011-2012 жыл аралығында Астана қаласындағы «Астана қонақ үйі» АҚ қаржы бөлімінде қызмет бастаған. 2012-2014 жыл аралығында Астана қаласындағы «Айгерим плюс» ЖШС қызмет атқарған.
2014-2016 жыл аралығында ШҚО, Семей қаласындағы «СемАз» ЖШС автомобиль құрастырушы болып жұмыс істеген.
2016-2020 жыл аралығында «Тарбағатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің» экономикалық жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік секторының бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы, экономикалық саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі, бюджеттік жоспарлау және орындалу секторының меңгерушісі болып қызметін атқарған.
02.2020-12.2020 жыл аралығында «Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының» ұйымдастыру бөлімінің басшысы.
12.2020- 03.2021 жыл аралығында «Тарбағатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің» басшысы.
06.04.2021-09.10.2022 жылдар аралығында Ақсуат ауылдық округі әкімінің орынбасары.
2022 жылдың 9 қазанынан бастап Көкжыра ауылдық округінің әкімі.





