Теміров Ержан Еркінбайұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Теміров Ержан Еркінбайұлы
    Заместитель акима

    Теміров Ержан Еркінбайұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Теміров Ержан Еркінбайұлы 1976 жылы 20 сәуірде Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.

    1993 жылы Осакаров ауданы Морозовка ауылындағы № 8 орта мектепті бітірген.

    Өзінің еңбек жолын 1993 жылдан бастап Осакаров ауданы Асылбеков атындағы совхоздың № 1 бөлімшесінің әр түрлі жұмысшысы, су құбыры слесарь болып бастады.

    1994 жылдан 1996 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.

    1996 жылы Қарағанды «Сары-Арқа» банк колледжіне түсті. 1998 жылы аталған колледждің «Салық қызметінің маманы» мамандығы бойынша толық курсын бітірді.

    1998-1999 жылдары «Казагрополис» МАШСК Осакаров филиалының брокері болып жұмыс істеді.

    2003 жылы Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

    1998-1999 жылдары «Казагрополис» МАШСК Осакаров филиалының брокері болып жұмыс істеді.

    2003 жылы Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

    Мемлекеттік қызметте 2000 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді, ҚР АШМ Осакаров аумақтық басқармасының маманы.

    2001-2003 жылдары-ауыл шаруашылығы бөлімінің экономикалық реформалар, талдау және болжау жөніндегі бас маманы.

    2003 жылдың шілдесінен 2004 жылдың қыркүйегіне дейін Осакаров ауданы әкімі аппаратының экономика комитетінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2004 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитетінің әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

    2005-2006 жылдары Осакаров ауданы әкімі аппаратының кеңсе бастығы болып жұмыс істеді.

    2006 жылдың наурыз айынан бастап «Осакаров ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы қызметін атқарды.

    2013 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін "Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі"ММ басшысы

    2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өз біліктілігін арттырды.

    2007 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Үйленген, 2 ұл тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері