
Бақаев Әлібек Әсетұлы
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
1981 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. 2002 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Дипломатиялық қызметін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің референті ретінде бастаған.
2004 – 2008 жж. – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
2008 – 2009 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2009 – 2010 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры.
2010 ж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2010 – 2011 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің тыңдаушысы.
2011 – 2012 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2012 – 2014 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары.
2015 – 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры.
2019 – 2022 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2020 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2022 – 2023 жж. – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, 2023 жылғы наурыздан Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.