
Сыздықбаев Әділет Төлеутайұлы
Май ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Әділет Төлеутайұлы 1986 жылы Май ауданы Чапай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы –Лингва Орталық Қазақстан университетін «Қаржы» және 2010 жылы Академик Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманыретінде бастаған, 2009-2011 жылдары Май ауданының қаржы бөлімінің бас маманы, 2011-2012 жылдары «БТА банк» АҚ несие сарапшысы, 2012-2013 жылдары Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, қаржы басқармасының бас маманы, 2013-2015 жылдары Павлодар облысы қаржы басқармасының мониторинг және мемлекеттік сатып алу есебі бөлімінің басшысы, 2015-2017 жылдары Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, 2017-2021 жылдар аралығында Май ауданы әкімінің орынбасарылауазымында қызмет атқарды.


