
Өмірбаян
Сәтиев Қадылжан Қайырбекұлы, 1985 жылғы, екі жоғары білімі бар.
2007 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы, 2013 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «экономика және бизнес» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2005 жылы жеке секторда бастады. Мемлекеттік қызметті 2009 жылы «Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бас маманы болып бастады. Бұл басқармада маманнан басқарма басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.
2021 жылдан бастап «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.
2024 жылы Қадылжан Сәтиев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапатталды.


