
Шәпи Нұржан Арыстанұлы
Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Шәпи Нұржан Арыстанұлы 1989 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
2010 жылы “Болашақ” университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
2010-2012 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің маманы;
2012-2015 ж.ж. - Төретам кенті әкімі аппаратының жетекші маманы;
2015-2016 ж.ж. - Төретам кенті әкімі аппаратының бас маманы;
2016-2024 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы;
2024-2025 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы;
2025 жылдан бастап - Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы;





