
Темірбек Жансұлтан Темірбекұлы
Цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Темірбек Жансұлтан Темірбекұлы 1998 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
2019 жылы «Тұран-Астана» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары біліммен тәмамдаған.
2021 жылы «Тұран-Астана» университетінде «Экономист» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
2019-2019 жж. – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратының бухгалтерлік есеп жөніндегі технигі;
2020-2022 жж. – Қармақшы ауданы әкімінің аппараты кадрлық жұмыстар (персоналды басқару) бөлімінің әдіскері;
2022-2023 жж. – Қармақшы ауданы әкімінің аппараты терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімінің әдіскері;
2023-2024 жж. – Қармақшы ауданы әкімінің аппаратының статистигі;
2024-2024 жж. – Қармақшы ауданы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы;
2024-2024 жж. – Қармақшы ауданы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекші маманы;
2024-2026 жж. – Қармақшы ауданы әкімінің көмекшісі;
2026 жылдан бастап – Қармақшы ауданы әкімінің аппараты цифрлық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы;





