
Бекенов Марат Сәдуақасұлы
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Марат Сәдуақасұлы 1976 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге кеген. Жоғары білімді. 1998 жылы Қызылорда Тәуелсіз «Сейхун» институтын бітіріп, «Экономист» біліктілігін алып шыққан.
2000 – 2001 ж.ж. - Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Қызылорда облыстық филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің маманы болып бастаған.
2001 жылы - Алдашбай ахун ауылындағы №111 орта мектеп есепшісі;
2002 жылы - Жосалы кенті әкімі аппаратының маманы;
2002 – 2003 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2003 – 2004 ж.ж. - Қармақшы аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі;
2004 – 2006 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2006 – 2007 ж.ж. - Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары;
2007 – 2008 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
2008 – 2010 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
2010 – 2011 ж.ж. - Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының бақылау бөлімінің жетекшісі;
2011 жылы - Қармақшы ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі;
2011 – 2013 ж.ж. – Қармақшы аудандық қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуы жөніндегі сектор меңгерушісі;
2013-2016 жж. бастап - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
2016 жылдан бастап - аудандық қаржы бөлімінің басшысы.





