
Өмірбаян
Дәуренбекұлы Мирас 1990 жылы 9 қарашада Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қарғыба ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Ақсуат ауданы, Қарғыба ауылындағы Ю.Гагарин орта мектебін бітірген. 2007 жылдан 2011 жылт аралығында Семей қаласындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы университетін оқып бітірген.
2011-2013 жылдар аралығында ШҚО Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған.
2013-2015 жылдар аралығында ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық – түсіндіру бөлімінің меңгерушісі болған.
2015-2019 жылдар аралығында ШҚО Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған.
2019-2021 жылдар аралығында ШҚО Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарған.
2021 жылдың наурыз айынан бастап Кіндікті ауылдық округінің әкімі.





